417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында дәріханалар бақылауға алынады

  • 176
  • UPD: 19:47, 07.07.2020
Қарағанды облысында дәріханалар бақылауға алынады

Қарағанды облысындағы дәріханалардың дәрімен қамтылуын енді арнайы мониторингтік топ қадағалайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал аудан мен қала әкімдері апта сайын осы мәселе бойынша есеп беріп отырады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Ел арасындағы үрей салдарынан қарағандылықтар небәрі 2-3 күнде вирусқа қарсы препараттар мен парацетамолдың бір айлық қорын сатып алған. Бос қалған сөрелерді толтыру үшін қазір қайтадан дәрілер жеткізіле бастады. Бұдан басқа өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар үшін 4200 орын дайындалды. Қазір осында 20 инфекциялық стационар мен 14 пульмо-провизорлық госпиталь жұмыс істейді. Тағы 3 ПТР зертханалар тәулігіне 3 мың сынаманы алуға қауқарлы. Қосымша 27 жедел жәрдем бригадасы іске қосылып, бас-аяғы 120 бригада қызмет көрсету үстінде.

Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі

– Қарағанды облысына 190 мың қаптамадағы парацетамол әкелінді, бірер күнде сертификаттап, дәріханаларға жеткізіледі. Жалпы облысқа 4-5 күн сайын дәрі жеткізілуде, бірақ халық жаппай сатып алады. Сондықтан үкімет сертификаттау мәселесін тездету жөнінде тапсырма берді. Ал дәріні алып-сатарлар қатаң жазаланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы