418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында қосымша провизорлық орындар ашылды

  • 241
  • UPD: 21:36, 07.07.2020

Маңғыстау облысында пневмониямен ауыратын науқастар үшін екі провизорлық стационар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол арқылы қосымша 80 төсек-орын дайындалды. Қазір онда дене қызуы көтеріліп, ауыр халде түскендердің алды жақсара бастады.

Бұл – жергілікті дәрігерлік амбулатория базасында ашылған 40 орындық провизорлық стационар. Мұнайлы ауданының тұрғындарына арналған. Қазір мұнда 30 адам емделіп жатыр. Барлығының жағдайы тұрақты. Оларға 4 дәрігер мен 6 медбике ем-дом жасайды.

Кеңес Әйтімов, дәрігер-терапевт:

– Құрылғы жеткілікті. 5 кислород бар. Демі жетпей қалған кезде қосылады. Бүгін іште 27 науқас бар. Уже жартысынан асып кетті.

Қарақия ауданында да провизорлық мекеме ашылды. Ол жергілікті мұнай компаниясының жатақханасында құрылды. Осында ем алушылардың бірі Мейрам Қыдырқожаның жағдайы жақсы қазір. Стационарға түскен сәтінде дене қызуы жоғары болып, дем алысы қиындаған.

Мейрам Қыдырқожа, емделуші:

– Дүйсенбі күннен бастап қызуым көтеріліп бастады. Осында түстім. Ақ халаттылар көмегін көрсетіп жатыр. Уақытында уколдарын салуда. Құрық ауылынан осындай провизор ашқаны құрыс болды.

Ақерке Ақыбаева, дәрігер:

– Әр палатада жуынатын бөлме бар. Науқастардың ем алуы үшін жайлы жағдай жасалған. Олардың қиналып жатқанын көру өте ауыр. Қазір тек солардың саулығын тілеймін. 

Облыс бойынша коронавирус немесе пневмониямен ауырған науқастар үшін 860 төсек-орын дайындалды. Емдеу орындарында медициналық жабдықтар жеткілікті.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Хабар 24 телеарнасы