417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талғар қаласында тұратын 170 отбасы баспаналы болды

  • 201
  • UPD: 21:31, 07.07.2020

Жаңа жалдамалы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер кілттері санитария талаптарын сақтай отырып, салтанатты жағдайда табысталды.

Жас маман Жұлдыз Тимурқызы жастайынан ата-ана қамқорынсыз қалған. Әпке-жездесінің қолында өсіпті. Баспаналы болсам деген үкілі үміті ақталғанына шексіз қуанышты. Енді пәтерінің терезесінен Талғардың тамаша табиғатына тамсана қарап, алдына биік мақсат қояды.

Жұлдыз Тимурқызы, жас маман:

– Көптен бері баспана алуды армандап жүрген жастың бірімін. Бүгін ақ түйенің қарны жарылып, баспаналы болып жатқан жайым бар. Кезінде осы жерде үй құрылысы жүріп жатқан кезде аз уақытта зәулім үйлер салынады дегенге сенбеп едім. Алланың қалауымен осы күнге де жеттім.

Жаңа пәтер кілттері жағдайы төмен жандарға, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және жастар мен мемлекеттік қызметшілерге берілді. Алдағы уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша және 170 пәтер үлестіріледі.

Асқар Шамаев, Талғар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Ағымды жылы жоспарлап отырған алты үй. Үйдің үшеуі жалдамалы,үш үй несиелік тұрғын үйлер. Несиелік тұрғын үйлерді қазір қабылдап алғаннан кейін екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеп, төлем қабілетін анықтағаннан кейін ғана беріледі кезекте тұрған азаматтарға.

Жалпы қазіргі уақытта Талғар ауданында үй кезегінде 5 мыңға жуық адам тұр. Келесі жылы 9 қабатты 5 үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы