420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында ПТР зертханалар ашылады

  • 189
  • UPD: 08:33, 08.07.2020
Павлодар облысында ПТР зертханалар ашылады

Павлодар облысында қосымша екі ПТР зертхана ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бірі, облыс орталығында, екіншісі Екібастұз қаласында жұмыс істемек. Сонымен қатар, облыстық туберкулезге қарсы диспансер жанынан тағы бір зертхана ашу мәселесі шешілуде. Сала мамандарының мәліметінше, аймақта бүгінге дейін 68 мыңнан астам ПТР зерттеу жүргізілді. Олардың қорытындысы бойынша екі проценті оң нәтиже көрсетті. Облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, аймақта дәрі-дәрмек тапшылығын шешу мәселесі оң жолға қойылып жатыр. Ертіс өңірінің медициналық ұйымдарын дәрі-дәрмекпен  қамту мақсатында перапараттарды сатып алуға қосымша 1,5 млрд. теңгеге өтініш жіберілді. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында жергілікті дәріханаларға «Парацетамолдың» 17 мың данасы жеткізілген. Өзге де препараттар емдеу мекемелеріне үлестіріліп жатыр.

Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі:

– Коронавирустық инфекциямен күресуге шамамен 2,8 млрд. теңге бөлінді. Алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген 490 медицина маманы сыйақы алды. Емдеу мекемелерінің техникалық базасын нығайтуға 837 млн теңге жұмсалды. Дәрігерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтуға 600 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Індетпен күреске қарастырылған қаражаттың жұмсалуы жіті бақылауымызда.

 

Хабар 24 телеарнасы