431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде дәріні заңсыз сатумен айналысқан 46 адам ұсталды

  • 238
  • UPD: 09:56, 08.07.2020
Елімізде дәріні заңсыз сатумен айналысқан 46 адам ұсталды

Ал олардан тәркіленген препараттар көлемі 20 мыңнан асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде глюкоза, ферси-нол, аспирин, парацетамол сияқты қазір дәріханаларда жетіспей жатқан дәрі түрлері бар. Айта кету керек, бұл полицияның бір тәулікте анықтаған жайттары. Тексеріс барысында дәрі-дәрмектен бөлек, 35 мыңға жуық медициналық маска, комбинезон, қолғап және қызу өлшейтін құрал табылды. Заңсыз алып-сату деректері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және еліміздің 10 облысында тіркелді. Мәселен, елорда тұрғыны өз көлігін мобильді дәріханаға айналдырған. Яғни, жүк салғышын дәріге толтырып, хабарласқан адамдарға жеткізіп берген. Осылайша бір миллион теңгеден  аса пайда табуды көздеген. Ал Атырауда лицензиясы жоқ  дәрі-дәрмектер костемикалық клиникада сатылып келіпті. Ол жерде парацетамол бағасы мың теңгені құрайды. Бұған қоса, клиника қызметкерлері дәріні сақтау ережелерін өрескел бұзған.

 

 

Хабар 24 телеарнасы