418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында итбалықты қорлағандар жазаланады

  • 156
  • UPD: 09:57, 08.07.2020
Маңғыстау облысында итбалықты қорлағандар жазаланады

Итбалықты ағашпен ұрып, қорлық көрсеткендер жазасыз қалмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстарына тартылады. Жануарларға қиянат жасағандар үшін заңда осындай жауапкершілік қарастырылған. Айт кетейік, келеңсіз жағдай Маңғыстау облысында болды. Каспий жағалауында демалып жатқандар итбалықты аяусыз ұрғылады. Кейін бейнежазбасы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды. Жергілікті орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы полиция көмегіне жүгініп, оқиғаға қатысы барларды жазаға тартуды сұрап отыр. Бұған қоса, енді теңіз жағасындағы адамдармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуге басымдық берілмек.

 

Хабар 24 телеарнасы