425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

  • 671
  • UPD: 10:31, 08.07.2020
Ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

Маусым айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 мың теңгеге жетті.

Бұл өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 13,7% көп, деп хабарлады finprom.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкінің мәліметінше, аталған кезеңдегі инфляция деңгейі 7% құрады.

Азық-түлік себетіне 18,7 мың теңге (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 55%), азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 15,3 мың теңгеден (45%) келеді.

Әдеттегідей ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында: 39,9 мың теңге. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 36,9 мың теңге болған. Жылдық өсім 8,2% құрады, бұл ел аймақтарының ішіндегі ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Екінші қатарда елорда тұр. Нұр-Сұлтандағы ең төменгі күнкөріс құны 39,5 мың теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,2% көп.

Үштікті Алматы аяқтайды, онда ең төменгі өмір сүру құны 37,3 мың теңгені құрады (бір жылда +14,6%).

Бір жыл ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Сонымен, ет және балық өнімдері үлесінің өсуі байқалды – 19,5%-тен 19,7% дейін. Жемістер мен көкөністердің үлесі 12% дейін көбейді.

Сонымен қатар сүт, май өнімдері мен жұмыртқаның үлесі 14,4%, қант, шай және дәмдеуіштер 1,7% дейін төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы