419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да дәрі-дәрмек қымбатқа сатылған

  • 204
  • UPD: 12:16, 08.07.2020
СҚО-да дәрі-дәрмек қымбатқа сатылған apteka-anelija.kz

Карантиннің күшеюі жағдайында Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері СҚО бойынша ПД Криминалды полициясы басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, дәрі-дәрмектердің қымбаттатылған бағамен және олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатылғандығын анықтады.

Жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде вирусқа қарсы «Ингавирин» дәрісінің бір қаптамасыз 6500 теңгеден және антибиотик «Азитромицинді» бір қаптамасын 2500 теңгеден бақылаудағы сатып алу жүзеге асырылған, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Сонымен бірге ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» 2019 жылғы 15 шілдедегі № ДСМ-104 бұйрығына сәйкес, «Ингавирин» препаратын сатудың шекті құны 5640 теңгені, ал «Азитромицин» препараты 1217 теңгені құрайды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы