418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға Ресейден гуманитарлық жүк келді

  • 192
  • UPD: 12:00, 08.07.2020
Қазақстанға Ресейден гуманитарлық жүк келді

Ресей Федерациясы Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтарының жалғасы ретінде 8 шілде күні Нұр-Сұлтанға Ресей Федерациясы ТЖМ арнайы бортымен Қазақстан тарапы үшін гуманитарлық жүк жеткізілді.

РФ гуманитарлық көмегіне медициналық маска, қорғаныстық киім жиынтықтары мен медициналық препараттар кіреді. Қазақстандағы гуманитарлық көмектің бірыңғай операторы «СҚ-Фармация» ЖШС болып табылады. Жақын арада Ресейден гуманитарлық жүк бар тағы бірнеше рейс келеді күтілуде.

«Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен бауырлас халқына алғысын білдіреді», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы