425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да ескі үйлер жаңғыртылады

  • 235
  • UPD: 14:34, 08.07.2020

Шығыс Қазақстан облысында ескі үйлерді жөндеу мәселесі өзекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені өлкеде тұрғын үйлердің 80 проценті тозып тұр. Мәселен, Алтай қаласында өткен ғасырдың 50-60-шы жылдары салынған үйлердің кірпіштері үгітіліп, күн санап мүжіліп барады. Осы жағдайды шешу мақсатында ауданда ерекше жоба қолға алынды.

Бұл – Алтай қаласындағы орталық көшелердің бірі. Соңғы кездегі көптеге жаңа әлеуметтік нысанның барлығы осы маңнан салынып жатыр. Алайда көше бойымен жүру қауіпті. Өйткені кірпіштері үгіліп, қаусап тұрған үйлер көп.

Наталья Новикова,  Алтай қаласының тұрғыны:

– Бұл үйлер 65-ші жылдары салынған,содан бері жөндеу жүргізілген жоқ. Қазір міне, көріп тұрғандарыңыздай кірпіштері үгітіліп  жатыр.

Татьяна Бурлаченко да осы  көшеде тұрады. Оның айтуынша, үйдің шұрық тесігін түгендеп біту мүмкін емес. Дегенмен ең бастысы, сең қозғалды. Қазір ауданда құрылған қордан қаражат бөлініп үйдің қасбеті жөнделіп жатыр. Енді тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасынан да қолдау болса дейді бұндағы жұрт.

Татьяна Бурлаченко, Алтай қаласының тұрғыны:

– Біз осы үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша жөнделетін тұрғын үйлер қатарына кіргізсе деген ойдамыз, сол үшін міне құжаттарын жинап, дайындап өткізбекпіз. Өйткені төбені де жертөлені де жөндеу қажет. Қазір барлық тұрғынның басты мәселесі осы болып тұр.

Қор жайына келсек.Оның ұйымдастырушысы, Алтай қаласының кәсіпкерлері. Мейрамхана, дүкен сынды бизнес иелері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қаражат жинап, ескі үйлерді жөндеуге ат салысып жатыр. Өйткені өздері де сондай баспаналарда тұрып жатыр.

Зоя Шубина, кәсіпкер:

– Біз осындай ескі үйлердің тұрғындарына қолдау көрсететін қайырымдылық қоры бар екендігін естіп, бірден өзіміздің де қолдайтынымызды, үлес қосатымызыды білдірдік.Өйткені қаланың сыртқы келбетіне де, тұрғын үйлердің қалыпқа келтірілуіне де бейжай қарай алмаймыз.

Сөйтіп, қайырымдылық жобасына атсалысамын деушілер қатары артып келеді. Бүгінде 5 үйдің келбеті кіріп, жақсартылды.

Лариса Гречушникова, Алтай аудандық мәслихатының хатшысы:

– Ол үйлерде әлеуметтік жағдайы төмен түрлі отбасылар тұрып жатыр. Дегенмен де осы бір жоба тұрғындардың өз баспасын жөндеудің жолдарын қарастыруға, қандай да бір қадамдар жасауларына ықпал етті.

Алтайлықтар тұрғын үйлдерді жөндеуге байланысты мәселелерді шешу үшін барлық амалды қарастыруға кірісті. Аудандағы көшелер мен аулалар, жолдар бюджет есебінен жөнделіп жатыр. Биыл «Жұмыспен қамтудың жорл картасы» бағдарламасымен осы мақсатқа 471 миллиолн теңге бөлініпті.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

 

Хабар 24 телеарнасы