417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семей қаласының әкімі коронавирустан жазылды

  • 216
  • UPD: 14:32, 08.07.2020
Семей қаласының әкімі коронавирустан жазылды

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов коронавирустан айықты.

Бұл туралы өзінің instagram парақшасында жазды. 

«COVID-19 анықтауға арналған соңғы тесттен кейін қатаң тәртіппен оқшауландым және дәрігерлердің талаптарын орындадым. Бұл шаралар денсаулығыма оң әсер етті, оны коронавирусты анықтауға арналған екінші тест көрсетті, ол теріс нәтиже берді», - деп жазды әкім.

Сондай-ақ бүгіннен бастап өз жұмысын жалғастыратынын айтып өтті.

Еске салсақ, бұған дейін әкімнің коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы