417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық премиядан үмітті спортшымызға қолдау қажет

  • 204
  • UPD: 16:20, 17.07.2020

Еліміздің паралимпиада спортшысы халықаралық премиядан үмітті. Бірақ жеңімпаз атану үшін Әлия Раеваға дауыс жеткіліксіз болып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал шілденің жиырма үшінде онлайн дауыс берудің қорытындысы жарияланады. Жерлесіміз өзгелерден 5 мың дауысқа артта қалып келеді.  Байқауға әуелде 200 адам қатысқан. Соның ішінен сегізі финалға өтті. Жиырма үшінде ұйымдастырушылар сол сегіздің ішінен көп дауыс жинаған екі спортшыны жеңімпаз деп жариялайды.

Әлия Раева, халықаралық премияға үмітті спортшы:

– Мені осы уақытқа дейін қолдаған адамдарға алғыс айтамын. Бірақ маған әлі де дауыс керек. Өзім финалдамын. Шешуші сынға аз қалды. Бұған дейін мұндай премия бір де бір отандасымызға бұйырмаған еді. Осы жолы менің жолым болуы мүмкін. Сондықтан маған дауыс берулеріңізді сұраймын.

 

 

Хабар 24 телеарнасы