418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысына тағы бірнеше медициналық құрал-жабдық сатып алынады

  • 162
  • UPD: 15:35, 08.07.2020
Ақмола облысына тағы бірнеше медициналық құрал-жабдық сатып алынады

Ақмола облысындағы стационарларда тамыздың біріне дейін тағы 5 мың адамға орын әзірленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған қоса өкпені жасанды желдету аппараттары мен компьютерлік томография сатып алынады. Қазір өңірде шамамен 70 аппарат жетіспейді. Тасымалдауға қолайлы 17 шағын аппарат алу үшін келісімшарт жасалды. Бұл жайында аймақ басшысы Ермек Маржықбаев мәлімдеді. Ауруы жеңіл түрде өтіп жатқан науқастарға үйде емделуге болады. Ауруханаға ағылып, дүрбелең туғызудың қажеті жоқ, деді облыс әкімі. Өкінішке қарай, аймақта әлі де карантин талаптары сақталмай тұр. Облыс әкімі отбасылық мерекелердің тиылмай отырғанын, кейбір ірі дүкен мен моншалар жұмысын жасырын жалғастырып жатқанын айтып, халықты ақылға шақырды.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы