425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

СҚО-да медициналық қондырғылар жаңартылады

  • 420
  • UPD: 15:34, 08.07.2020
СҚО-да медициналық қондырғылар жаңартылады

Солтүстік Қазақстан облысында жедел-жәрдем бригадасының жұмысы екі есе көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, бір бригада күніне кем дегенде 30-дан астам шақыртуға барады. Сондықтан алдағы уақытта қосымша 18 көлік сатып алу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, ауруханаларға өкпені жасанды желдету қондырғылары әкелінеді. Оған жергілікті қазынадан қаржы бөлінді. Қазір өңірде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бүгінге дейін аймақта 1 мың 446 адам коронавирус індетін жұқтырған. 480 азаматта аурудың клиникалық белгілері бар. Ал қалған 67 проценті симптомсыз. Инфекциялық стационарда 136 науқас ем қабылдап жатыр.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

– Пандемияға дейін біз өкпені жасанды желдететін 5 қондырғы сатып алдық. Қазір жергілікті бюджеттен тағы 400 миллион теңге бөлініп, ауруханаларға осындай 20 құрылғы қоятын боламыз. Бұдан бөлек желтоқсан айында жоспар бойынша тағы 38 аппарат жеткізілуі керек еді. Қазір біз минстрлікпен сөйлесіп, оларды қыркүйекте алуымызды  сұрап отырмыз. Бұдан бөлек тамызда лизинг арқылы 18 жедем-жәрдем көлігін алмақпыз. Біздің өңір республикада алғашқы болып келісімшарт жасап, бұл техниканы бұрынғы бағамен сатып алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы