417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әуе рейстері жанданғалы 400 мыңнан аса жолаушы тасымалданды

  • 124
  • UPD: 15:33, 08.07.2020
Елімізде әуе рейстері жанданғалы 400 мыңнан аса жолаушы тасымалданды Zakon.kz

Елімізде 1 мамырдан бастап азаматтық авиация саласы өз қызметін кезең-кезеңімен жандандырып келеді.

Қалыптасқан жағдай жолаушылар ағыны көрсеткішіне тікелей әсер етті. Отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны биылғы қаңтар-маусым айларында 2,1 млн адам болды. Бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43% төмен (3,7 млн адам).

ҚР ИИДМ ААК баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда ішкі рейстер бойынша аптасына 45 бағытта 497 рейс қайта жаңғыртылды. Жалпы, 1 мамырдан бастап 400 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.

Хабар 24 телеарнасы