424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде заңсыз сақталған 35 қару полицияға тапсырылды

  • 516
  • UPD: 15:54, 08.07.2020
Ақтөбеде заңсыз сақталған 35 қару полицияға тапсырылды

Ақтөбе облысының тұрғындары тіркелмеген 35 қаруды полицияға тапсырды, деп хабарлады Polisia.kz.

Олар: 33 тегіс ұңғылы қару, бір ойық қару және бір травматикалық қару.

Мысалы, Байғанин ауданының тұрғыны тәртіп сақшыларына екі тегіс ұңғылы қаруды өз еркімен тапсырды. Ауыл тұрғыны әлеуметтік желілерде қару сатып алу бойынша акция туралы біліп, аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, өзінің заңсыз сақталған екі қаруын тапсырғысы келетінін айтқан. Полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бірден мекенжайға барды.

Енді полиция қызметкерлері бұл үлгілердің «қылмыстық өткеннің» бар-жоғын тексереді. Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген. Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.

– Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдіргендер Ақтөбе қаласы ПБ-ның 729-853 қауырт желі телефондарына немесе 102 номеріне хабарласса жеткілікті, – деді Әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Ерлан Әлімағамбетов.

Хабар 24 телеарнасы