423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық кәсіпорындар бір тәулікте 748 мың дана бетперде шығарды

  • 325
Отандық кәсіпорындар бір тәулікте 748 мың дана бетперде шығарды BaigeNews.kz

2020 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша елімізде тәулігіне 748 мың дана бетперде өндірілді.

Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар – 549 мың дана, тігін 199 мың дана өндірді. Қоймаларда 3 798 дана бетперде бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация» ЖШС-не беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық бетперделердің ірі өндірушілерінің бірі «Dolce-Pharm» фармацевтикалық компаниясы болып табылады. Өткен тәулікте кәсіпорын 210 000 дана бетперде шығарды.

Хабар 24 телеарнасы