420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық компания коронавирус емдейтін дәріні шығаруды меңгерді

  • 403
  • UPD: 20:49, 09.07.2020

Алматыда дәрі-дәрмекке деген сұраныстың артуына байланысты отандық фармкомпаниялар өндіріс көлемін ұлғайтуда.

Мәселен, қаладағы фармацевтикалық фабрикалардың бірі азитромицин дәрісінің 300 мың қорапшасын шығаруды жоспарлап отыр. Тек өткен жылы ғана фабрика аталған дәрінің 600 мың қорапшасын өндіріп, медициналық құрылымдарды қамтамасыз етті. Ең бастысы, отандық компания коронавирусті емдейтін дәрінің технологиясын меңгерді. Карантин кезінде жұмысын тоқтатпаған фабриканың мамандары дәрі жасаудың тәсілін қытай және жапон әріптестерінен үйренген. 

Светлана Киль, фармацевтикалық компанияның атқарушы директоры:

- Біз фармацевтикалық даму үрдісінен қалыспай келеміз. Мына екі блист өзіміздің фабипировир. Мұны технология трансфері арқылы өзіміздің фабрикада игердік. Егер алдағы уақытта бұл екі дәрі тіркеуден өтсе, қазан айында қалалық дәріханаларда  сатыла бастайды.

Хабар 24 телеарнасы