418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада дәрі-дәрмек тапшылығы өткір сезілді

  • 170
  • UPD: 19:47, 08.07.2020
Қызылордада дәрі-дәрмек тапшылығы өткір сезілді

Қызылорда дәріханаларына дәрі-дәрмектер жеткізіліп жатыр. Коронавирус, пневмония және жедел респираторлы вирусты инфекция жұқтырғандардың күрт көбеюінен өңірде дәрі тапшылығы айқын сезілді.

Жергілікті билік өкілдері дәрілер өткен аптаның аяғында әкелінеді дегелі тұрғындар дәріханаларды торуылдап жүр. Облыстағы 328 дәріханаға 7 жарым мыңдай фармтауар түрі әкелінеді екен. Дертіне дауа іздеген жұртшылық қазір көбінесе парацетамол, аспирин мен қызу өлшегіш құралдарын сұрайды. Сала мамандарының айтуынша дене қызуын түсіретін бір жарым миллион қорап дәрі сертификаттаудан өткізіліп, таратылу үстінде. Сонымен қатар 1,2 миллион антибиотик және вирусқа қарсы 100 мыңдай қорап дәріханалар желісіне жіберілуі тиіс.  

Раушан Жүсіпбекова, дәріхана меңгерушісі:

- 100% деп айта алмаймын, бірақ дәрі келіп жатыр. Бүгін де мысалы, аспирин, мукалтин, амбро, цефазолин, цефтриаксон, метрид секілді біраз дәрілер түсіп жатыр. Пневмонияға ауруханада қолданылатын дәрілер кликсан, франкцерапинг, гепарин деген сосын 2 гормон бар олар дистрибьюторда жоқ. Оны бірақ ауруханада қолданылады, ауруханаларда болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы