418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрі табылғанына қуанған жұрт бағаның арзан-қымбатына қарамайтын болған

  • 128
  • UPD: 20:36, 08.07.2020

Алматы дәріханаларының алдында кезек күткендер азаймай тұр. Халық бір дәрі алу үшін сағаттап кезекте тұратын болған. Ал еміне қажет дәріні бір емес, бірнеше күн таппай жүргендер көп. Қалада антибиотиктер мен вируске қарсы препараттар тапшы. Сондықтан қала тұрғындары дәріні «бұрынғыдай бағасына қарамайтын болдық, әйтеуір табылғанына қуанамыз» дейді.

Алматы дәріханаларының алдында кезек күткендер азаймай тұр. «Бір дәрі алу үшін сағаттап кезекте тұрамыз» дейді тұрғындар. Ал еміне қажет дәріні бір емес, бірнеше күн таппай жүргендер көп. Қалада антибиотиктер мен вируске қарсы препараттар тапшы. Сондықтан қала тұрғындары дәріні бұрыңғыдай бағасына қарамайтын болдық, әйтеуір табылғанына қуанамыз дейді. 

Дәріхана алдындағы мұндай кезекке көз үйреніп те қалды. Сағаттап күтуге бар, ең бастысы, іздеген дәрілері табылса болғаны.

Блиц:

- Он күн болды дәрі іздеп жүргеніме. Жолдасым в тяжелом положении жатыр. Шымкентке заказ беріп жатырмыз. Москваға заказ беріп жатырмыз. 

- Іздеген дәрімнің жартысы жоқ, балам. Оның несін айтасың? Обыкновенный жәй физраствор, бұл просто сұмдық. Физрастворды екі күн болды іздегеніме. Бүгін міне 11-аптека. Сағат таңғы алтыдан жүрмін. Қазір мына жерге келіп, екі сағат очередьте тұрып алдым. Гепарин деген атымен жоқ, міне бір жетіден бері. 

- Алматыны түгел аралап іздеген дәрімді әрең таптым. Бағасы да қымбаттап кетіпті. Бұрын осы Сумаммед деген дәріні 4 мың теңгеге алған болсам, енді оның бағасы 9000 теңге болып тұр.

Бүгінде сырқатына ем іздегендердің айтары осы. Дәрі жоқ, бар болса бағасы қымбат. Ал дәрі-дәрмектің қымбаттауына дәрі тапшылығы ғана емес, ел ішіндегі дүрбелең де әсер етіп отыр дейді дәріхана иелері. Сау адам келіп, препараттарды артығымен алып қоюға ұмтылады. Ал олардың үйінде босқа тұрған сол дәрі өзгенің өмірін аман алып қалуға сеп болар ма еді. 

Айгүл Тілеубердина, №2 дәріхана директоры:

- Ал бөлшек сауда дәріханаларының бағаны көтеруіне, көтерме компанияларының бағасы әсер етеді. Яғни біз қымбат бағаға сатып алып отырмыз. Парацетамол бізде қазір 125 теңге тұрады. Ия, осыдан үш ай бұрын ол 50 теңге болған. Бірақ үш ай бұрынғы жағдай да басқаша еді.

Қазір антибиотиктер мен вируске қарсы  препараттарға  сұраныс артты. Отандық фармацевтикалық компаниялар мұндай дәрілерді шығара бастады. Бүгін  қала әкімі Бақытжан Сағынтаев олардың басшыларымен онлайн-кеңес өткізіп, қалада дәрі-дәрмектің тұрақты қорын құру мәселесін айтты. Яғни халық үшін маңызды дәрі-дәрмектің жарты жылдық қоры жасалады. Ал әзірге дәріхана маңындағы кезек сейілер емес. Ең қиыны, күшейтілген карантин уақытында арақашықтықты сақтап жүргендер аз.

Авторлары: Алуа Маханбет, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы