418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандағы аурухана директорының орынбасары дәрігерлерге жауап қайтарды

  • 324
  • UPD: 20:13, 08.07.2020
Талдықорғандағы аурухана директорының орынбасары дәрігерлерге жауап қайтарды

Дәрігерлер көтерген мәселеге орай Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана директорының медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Арман Жансенгіров жауап берді.

Арман Жансенгіров, облыстық аурухана директорының қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары:

- Мамандардың тапшылығына байлансты, бір дәрігерге артылатын жүктеменің ауыр екені рас. Себебі күніне 40-50 науқас түседі. Осы орайда біздің дәрігер мамандар осы көрсетілген медициналық қызмет үшін сараланған жалақы төлеуді талап етіп отыр. Алайда біздің мекеменің ондай мүмкіндігі жоқ. Себебі жеткізушілер алдында несиелік берешегіміз бар. Біз наурыз айынан бері жұмыс істеп жатырмыз. Дәрігерлер жұмыс істеген уақыты және кезекшілік үшін  үстеме ақшаны алып жатыр. Денсаулық сақтау министрінің қаулысы бойынша 3 тәуекел тобы бойынша үстеме берілуде. Жалақы да, үстеме де уақытылы төленуде. Бірінші санатқа енгізілген дәрігерлер жалақыдан бөлек 850 мың теңге алады. Екінші санаттағыларға 425 мың теңге беріледі. Менің ойымша, осындай кезеңде бұл дәрігерлерге үлкен көмек.

Хабар 24 телеарнасы