418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда волонтерлер вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау көрсетті

  • 199
  • UPD: 20:41, 08.07.2020

Ертіс өңірінің волонтёрлері коронавирустық инфекциямен күресіп жүрген дәрігерлер қауымына қолдау көрсетуде. Мәселен, жергілікті екі колледж ұжымы түскі және кешкі ас әзірлеуді қолға алды. Басты мақсат - қиын кезеңде медицина қызметкерлеріне көмектесу.

Яна Касьян Павлодар музыкалық колледжінде скрипкадан сабақ береді. Қазіргі уақытта оқытушылығын аспаздыққа алмастырған. Себебі алдыңығы шептегі дәрігерлерге аз да болса қолдау көрсеткісі келеді. Бүгін оның жетекшілігімен провизорлық госпитальде еңбек етіп жүрген 25 ақ желеңдіге түскі ас әзірленді.

Яна Касьян, музыкалық колледждің оқытушысы:

- Қазір еңбек демалысындамын. Осындай қауырт кезеңде үйде отыра алмадым. Колледжге келіп, әріптестеріммен бірге аз дайындадық. Жеті күнге арналған аз мәзірін әзірледік.

Игі істі қолдағандардың қатарында мәдениет және спорт қызметкерлерінің кәсіподақ ұжымы бар.

Серік Сыздықов, облыстық музыкалық кешеннің басшысы:

- «Бір жағадан бас, бір жағадан қол шығару» деген ұрын алдыға шығып тұрған секілді. Сол себепті біздің музыкалық кешеннің, ұстаздардың, жұмыскерлердің кәсіподақ комитеті қиын-қыста укезде қандай да көме кқолын қолдаыйқ деген ниетпен осындай идеямызды алдыға шығарып отырмыз. Ыстық тамақ жасап, үйдің тамағымен, дәмді аспен қамтамасыз етейік деген жоспарымыз іске асып жатыр.

Павлодар тамақтану және сервис колледжінің ұстаздары да қарап қалмады. Оқытушылар жұмыс басына келіп, 25 дәрігерге кешкі ас әзірледі.

Ләззат Нұрмұхамбетова, тамақтану және сервис колледжі директорының орынбасары:

- Қазіргі қиын жағдайда біз осы акцияға қосылып, дәрігерлер көме көрсеткіміз келеді. Әрине ыстық тамақ дайындап, олардың көңіл-күйлерін көтеріп. Жұмыстары жемісті болсын. Біздің павлодарлық бүкіл халық аман болсын, осы эпидемиядан аман-есен жазылып, аман болайық.

Оқытушылар мен колонтерлер қауымы дәрігерлерді екі апта бойы ыстық тамақпен қамтымақ. Бүгін 50 қызметкерге ас әкелінді. қамқорлықты сезінгендердің қатарында «Баянтау» спорт кешенінің жанындағы провизорлық госпиталь бар. Бүгінде осы жерде 250 науқас емделіп жатыр.

Даният Байдәулетов, корпус меңгерушісі:

- Кезекшілік ауысымда 95 науқасты қабылдадық. Қазіргі уақытта шамамен 20 дәрігер мен 30 медбике жұмыс істеп жатыр. Пациенттерді тәулік бойы қабылдауға дайынбыз. Жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Бізге қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысымыз шексіз. Біз өз міндеттерімізді орындауға тырысамыз.

Провзиорлық госпитальдегі дәрігерлерге «Баянтау» спорт сарайының қызметкерлері де атсалысуда.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы