418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде бірнеше бизнес нысаны карантинді күшейту қаулысын бұзған

  • 130
  • UPD: 23:12, 08.07.2020

Ақтөбедегі бірнеше бизнес нысаны облыстың бас санитарлық дәрігерінің шектеу шараларын күшейту туралы қаулысын бұзған. Атап айтқанда, бірқатар шағын азық-түлік дүкенінде, гүл сататын павильондарда және техникалық қызмет көрсету орындарында санитарлық нормалар сақталмаған. Тіпті кейбір нысандар түнгі мезгілде де жұмысын жалғастырған. Бұл жайттар облыс әкімдігі жанындағы мобильдік топ жүргізген рейд барысында анықталды.

Рейд барысында әсіресе азық-түлік дүкендеріндегі санитарлық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды. Ондай ғимаратта залалсыздандырылған төсеніш пен антисептик болуы тиіс. Сондай-ақ сатушылар бетперде мен қолғап киюлері керек. Қоғам белсенділері, полицейлер мен мемлекеттік қызметшілерден құралған топ осыған қатысты бірнеше талап бұзғандарды анықтады. Олардың бірқатарына айыппұл салынса, тағы бірқатарына ескерту жасалды.

- Бірінші рет сізге ескерту жасап жатырмыз. Келесіде тағы осындай жағдай орын алып жатса, сізге айыппұл салынады, түсіндіңіз ғой?

Мобильдік топ гүл сататын павильондар мен техикалық қызмет көрсететін станциялардың және дәмханаладың сантиралық ережелерді қалай сақталғандығын көріп шықты. Кейбір кәсіпкерлердің жұмысын кешкі 9 дан кейін де жалғастырғаны белгілі болды.

Нұржан Шаңғытбаев, «Атамекен» студенттік құрылыс жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

- Облыстық бас санитарлық дәрігердің №42 қаулысы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздік және де мониторинг бойынша айта кететін болсақ, машина жөндейтін орталықтар кішігірім азық-түлік дүкендеріне ескерту жасалынды. Ақтөбе қаласының тұрғындарын карантиндік режимді бұзбауға шақырамын. 

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ жұмысын осы жылдың наурыз айында бастаған болатын. Осы уақыт аралығында мамандар бес мыңға жуық бизнес нысанын тексерді.

Авторы: Қарлығаш Қайыпбекова

Хабар 24 телеарнасы