423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте медицина қызметкерлеріне қосымша 780 миллион теңге үстемеақы төленген

  • 426
  • UPD: 23:14, 08.07.2020

Шымкентте медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында еңбекақысына қосымша 780 миллион теңге үстемеақы төленген. Бұл қаражатты коронавируспен ауырғандарды емдеуге атсалысып жүрген 3 мыңға жуық маман алған.

Бұл туралы БАҚ өкілдерімен болған баспасөз жиынында қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Шаһар басшысы індетпен күресте дәрігерлерге ауыр салмақ түсіп жатқанын айтты.

Коронавирус індетімен күресуде қаланың жағдайын айтқан шаһар басшысы Мұрат Әйтенов бірнеше цифрға тоқталды. Жұқпалы ауруға қарсы жергілікті қазынадан 1,8 миллиард теңге бөлінген. Бұдан бөлек 5 миллиард теңге қосымша  өкпені жасанды желдету аппараты мен дәрі-дәрмек алуға бағытталатын болады.  Науқастар үшін қалада төсек-орындар саны да артқан.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

- Ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 7 шілде аралығында 1640 науқас жатқызылды, оның ішінде 1276 коронавирус жұқтырғандар немесе 77,8 пайызды құрады. 01.06.2020 жылы 3 провизорлық стационарда 320 төсек орын болған. 15.06.2020-30.06.2020 жылы аралығында 23 провизорлық стационарда 2 960 төсек орын ұйымдастырылды. 

Баспасөз жиынында медицина мамандарын ынталандыру үшін 780 миллион теңге үстемақы төленгені де айтылды. Одан бөлек дәрігерлерге демеушілер есебінен қордан материалдық көмек берілген. Ал емханаларда бүгінгі күнге 6 696 ЖРВИ және 3 865 пневманиямен науқастар тіркелген. Оларға қызмет көрсету мақсатында 56 мобилді бригада құрылған.  Олар он мыңнан аса емделушіге көмек көрсеткен. Өзекті тақырыптың бірі қаланы дәрі-дәрмекпен қамту жайы да брифингте айтылды. Әкім дәріханалардағы жағдайды көзбен көргендігін жеткізді.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі: 

- Бүгінгі күні қалада негізгі дәрі-дәрмек қоры бар, оның ішінде дене қызуын төмендететін 115 843 қорап препарат, 136 352 қорап вирусқа қарсы препараттар, 133 040 антибиотиктер. 44 253 қорап «С витаминдері» бар. 4 мониторингтік топ құрылды. Мониторинг барысында бағасын негізсіз өсірген жағдайда әкімшілік шаралары көрсетілетіні ескертілді.

Шымшаһарда жедел жәрдем қызметін шақырту саны күрт артқан. Яғни бір аптаның ішінде шақырту саны 59 мыңнан асқан. Осыған байланысты «103»  диспетчерлік қызметтердің саны ұлғайып, оған қоса 109, 1430 Call-орталығы іске қосылған. Ал апта соңына дейін «Covid-19 Шымкент» ақпараттық веб-сайты тұрғындар үшін жұмыс істейтін болады.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы