427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда коронавируске қарсы күрескен 15 медицина қызметкері марапатталды

  • 329
  • UPD: 23:22, 08.07.2020
Петропавлда коронавируске қарсы күрескен 15 медицина қызметкері марапатталды

Еңбектің еленгені - ерлегені. Петропавлда коронавирус инфекциясына қарсы күресте аянбай еңбек етіп, алдыңғы шепте жүрген медицина саласының он бес қызметкері марапатталды.

Мамандарға «Парасат», «Құрмет» ордендері мен «Ерең еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары табысталды. Мұнымен қоса «Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасы да өз иелерін тапты. Марапатталғандардың барлығы бірнеше айлап отбасын, туған-туыстарын  көрмегендер. 

Айта кету қажет, өңірде наурыз бен мамыр айы аралығында қауіпті індетпен күрескендерге 360 миллион теңгеден астам қосымша қаржы төленді. Енді маусым айы үшін 1 мың 186 азаматқа 209 миллион теңге қаржы беріледі.   

Ботагөз Сүлейменова, 1-қалалық ауруханасы бас дәрігерінің м.а:

- Бұл ұжымға берілген марапат деп санаймын.  Себебі біздің ауруханаға менімен бірге 4 ай бойы отбасын көрмегендер дәрігерлер бар. Олар күн-түн демей еңбек етуде. Барлығына психологиялық жағынан қиын. Бірақ біз осы жолды таңдағандықтан еңбегімізге адал болуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы