417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан тұрғындары қалай емделіп жатыр?

  • 236
  • UPD: 23:32, 08.07.2020

Түркістан облысында соңғы бір аптада 360 адам коронавирус жұқтырған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қазір дерт өңірдегі аудандарда шығып жатыр. Сонымен қатар пневмониямен ауырған науқастардың да саны азаймай отыр. Олар қалай емделіп жатыр? Дәріханаларда дәрі-дәрмек жеткілікті ме?

Өткен жылмен салыстырғанда биыл Түркістан қаласында пневмониямен ауырған науқастар саны екі есеге дейін өскен. Әсіресе олардың саны соңғы бір айдың ішінде күрт көбейген. Қала бойынша науқастар үш жерде емделеді. Ол үшін 430 орын дайындалған. Бұдан бөлек қалалық емхананың жанынан 120 орындық күндізгі станционар қарастырылған. Мұнда пневмонияның жзеңіл түрімен ауырған науқастар ем қабылдайды.

Нұрхан Есжанова, терапевт дәрігер:

- Жаз кезінде бізде пневмония көп кездеспейтін. Қазіргі таңда өте көп. Өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға көп кездеседі. Өткен айда 46 науқасты емдеп шығардық. Оның ішінде пневмония, бронхитпен емделіп шықты сырқаттар. Бізге теріс ковид анықталған науқастар жатады. Қазір дәрі-дәрмек, антисептик, маска толық жеткілікті.

Райымбек Тасырбаев, қалалық емхананың бас дәрігері:

- Қазіргі таңда біздегі 120 орындық күндізгі бөлімде емделіп жатқан науқастардың саны 118, оның 100-і пневмониямен емделіп жатыр. Күндізгі бөлімде де, қаладағы провизорлық госпитольдарда да орын жеткілікті. Қазір сырқаттың белең алуы біршама бәсеңсіді. Халықта аздап бізге үлес қосып жатыр. Сақтық шараларын күшейту арқылы, карантин енгізу арқылы біз біршама сырқаттың ықпалын азайттық.

Бұған дейін Түркістандағы дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығы сезілген болатын. Бүгін осыған байланысты облыс әкімдігі жанындағы Арнайы мониторингтік топ арнайы рейдтік іс-шара ұйымдастырып, дәріханалардың жұмысы мен дәрі бағасына тексеріс жүргізді. Тапшылық әлі де сезіледі. Парацетамол атымен жоқ. 

- Қанша болды, парацетамолдың жоқ болғанына?

- Бір апта болды. Аз берген, бір данадан ғана саттық.

– Қаншадан саттыңыздар?

– Алдында 70 теңгеден саттық. Одан кейін 95 тг саттық.

– 95 теңгеден сатқаныңызды мойындайсыз ғой.

- Иа.

- Жеткілікті ме дәрі, не жоқ?

– Парацетамол жоқ, аспирин жоқ. «Дәрі бізге енді келеді» деді ғой қоймадағылар.

Өңірдегі дәрі тапшылығын фармацевттер қала дәрі сақтайтын қойманың жоқтығымен байланыстырады. Сондықтан олар қажетті препараттың бәрін Шымкенттен алдыртанын айтады.

 - 710 бұйрықтың бөлшек саудасында 35-пунктінде жазылған: «егер сатып алушы сұраған дәрісі болмаған жайдайда, сіз соның синонимін, фармакологиялық әсері бірдей дәрінің бағасының төменіне қарай беруіңіз керек». Оны айтып отырған себебім, қазір халықта үрей, дәріханада жоқ деген сөз, ел арасныда үрей тудырып жатыр. Солс ебепті өзіңіздің біліктілігіңізді көрсетіп, келген кісілерге дұрыс бағдар берсеңіз, ондай болмайды. Сіз соңғы рет біліктілікті қашан өттіңіз?

- Тек ретцеппен ғана беріп жатырмыз ғой. Міндетті түрде мен айтамын, қағазыңызды алып келіңіз деп айтамын.

Сондай-ақ бақылау тобы бірнеше дәріхананың дәрі-дәрмек бағасын қымбат бағамен сатқанын анықтады. Одан бөлек, кейбірінде кассалық аппарат болмай шықты. Мамандардың айтуынша, ол да бағаны көтеруге ықпал етеді.

Дәулет Тағыбаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Барған 6 дәріхананың төртеуінде баға деңгейі жоғары сатылғаны анықталды. Ол енді заң шеңберінде қаралады. Бір дәріханада болса екіншісінде жоқ. Бұл алдыңғы уақытпен салыстырғанда Түркістан қаласы мен облысында көтерме саудамен реттеле бастағанын көрсетеді. Бүгінгі таңда сатылымда бар. Ұзынсонар кезек жоқ. Алдыңғы жетімен салыстырғанда бұл жетідегі сұраныс төмен және баяу деп айтуға болады.

Тексеру нәтижесі бойынша мамандар арнайы акт толтырып, құзырлы органдарға тапсырады. Мұндай рейд енді апта сайын ұйымдастырылатын болды.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Самат Нағашбекұлы

Хабар 24 телеарнасы