421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында мас көлік жүргізушісі сегіз жастағы баланы қағып кетті

  • 173
  • UPD: 10:31, 09.07.2020
Түркістан облысында мас көлік жүргізушісі сегіз жастағы баланы қағып кетті polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер велосипедтегі баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне орталық ауруханаға жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатымен сегіз жастағы баланың түскендігі туралы хабарлама келген. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері жол бойында өзінің бағытымен келе жатқан велосипедті белгісіз Lаda автокөлігі қағып кеткенін анықтады. Ал, кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға салдарынан велосипед теуіп келе жатқан бала басынан жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасына қатысы бар жасырынған жүргізушіні ұстау мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілді. Екі сағат ішінде тәртіп сақшылары күдіктіні өзінің үй жағынан қолға түсірді, ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру барысында күдікті көлік құралын басқаруға құжаты жоқ екендігі, ұлының көлігін мас күйде басқарғандығы анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес орта дәрежелі мас күйде екендігі белгілі болды. Күдікті қамауға алынды.

Аталған жайт Жетісай аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 345-1-бабы Алкогольдік, есірткілік және(немесе) масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы және 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша тіркелді.

Түркістан облысының полицейлері жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға, ең бастысы мас күйде көлік басқармауға, ал жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға орнынан кетпеуге кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы