418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда инфекциялық төсек-орын саны төрт есе артты

  • 149
  • UPD: 11:11, 09.07.2020
Нұр-Сұлтанда инфекциялық төсек-орын саны төрт есе артты azattyq-ruhy.kz

Нұр-Сұлтанда пандемия басталғалы инфекциялық төсек-орын саны 1 мыңнан 3 мың 700-ге дейін артты.

Осылайша стационарлар саны 3-тен 13-ке дейін өсті. Соңғы күндері Ұлттық ғылыми медициналық орталық базасында 240 төсек-орынға арналған инфекциялық стационардың жеке блогы ашылды. №1 көп бейінді аурухана жұқпалы аурулар стационарына толығымен қайта жабдықталған. «Ramada Plaza» қонақ үйі базасында 500 қосымша төсек-орын орналасқан. 

КВИ анықталған жүкті әйелдер үшін қосымша перинаталдық орталық ашылды. Сонымен қатар пневмониямен ауыратын науқастарды емдеумен айналысатын медициналық мекемелердің саны 1-ден 7-ге дейін артты.

«Эпидемиялық ахуал асқынған жағдайда біз тағы 1,5 мың орынға резерв дайындадық. Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы базасындағы жатақхана мен қонақ үй науқастарды қабылдай алады. Сонымен қатар төтенше жағдай кезіне дайындалған қосымша нысандар бар. Ол үшін арнайы жабдықталған 800 медициналық төсек сатып аламыз. Алдағы күндері қалаға 200, 500 флуометрлерден тұратын 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 500 оттегі концентраторлары, компьютерлік томографтың екі жиынтығы келіп түседі. Осы айда қосымша 15 ӨЖЖ аппараты алынды», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Республикалық травматология және ортопедия ҒЗИ, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Green Clinic, Бас әскери клиникалық госпитальда әрбір емханаға тіркелген қала тұрғындары үшін КТ зерттеуін жүргізу мүмкіндігі бар. Пневманияның ерте кезеңінде зерттеу жасалса, асқынуға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы