418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұхтар Төлеген: Президент үндеуі – анықтаушы фактор

  • 145
  • UPD: 14:44, 09.07.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі күрделі жағдайдың аражігін ашып, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жіберілген қателер мен оларды түзеу туралы халық алдында ашық айтуы анықтаушы фактор болды.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Мұхтар Төлеген фейсбуктегі парақшасында осындай ойымен бөлісті. Жазбада «13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп белгілеу, осы індеттен қайтыс болған жақындарымызды еске алу – адамдық борышымыз» делінген. Автордың пікірінше, бүгінде дәрі-дәрмектің бағасын шарықтатып, күрделі эпидемиологиялық жағдайды саяси мақсатта пайдалану қылмыс болып есептеледі. Ректор тиісті мемлекеттік органдарды өз қызметіне қырағы жауапкершілікпен қарап, халықтың жағдайын жасауға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы