425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынатыны туралы алдын ала ескертіледі

  • 295
  • UPD: 12:04, 09.07.2020
Борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынатыны туралы алдын ала ескертіледі Tengrinews

Бұрын борышкерлер қойылған тыйымдар туралы тек ұшу кезінде ғана біліп, оларды рейстерден түсіріп алатын болса, енді оларды 5 жұмыс күні ішінде алдын ала хабардар ететін болады, деп хабарлайды ҚР ӘМ баспасөз қызметі.

«27 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Аталған заңмен Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның нормасына елден шығуға тыйым салу бойынша жаңа жеңілдетілген шектеу шаралары енгізілді», – делінген хабарламада.

Заң нормасымен берешек шегі ұлғайтылды, одан асып кеткен кезде елден шығуға уақытша шектеу қолданылады.

Бүгінгі күні шығуға тыйым салу 20 айлық есептік көрсеткіштен артық қарыз болған жағдайда қолданылса,енді бұл шек 40 АЕК-ке дейін көтерілді.

Бұдан басқа сот орындаушысының өз қалауы бойынша әрекет ету өкілеттігін қысқарту мақсатында елден шығуға тыйым салу алдында бес жұмыс күні бұрын борышкерге хабарлау туралы норма енгізілді.

Яғни бұрын борышкерлер қойылған тыйымдар туралы тек ұшу кезінде біліп, оларды рейстерден түсіріп алатын болса, енді алдын ала хабардар етілетін болады.

Сондай-ақ елден шығуға уақытша шектеу қою мерзімдері, тәртібі мен негіздері, оның ішінде оның күшін жою мерзімдері мен негіздері қайта қаралды.

Қазір уақытша шектеулерді сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде емес, бір күн ішінде күшін жояды.

Хабар 24 телеарнасы