425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Министр қолдан жасалған өкпені жасанды желдету құрылғысының қаупі туралы айтты

  • 479
  • UPD: 13:09, 09.07.2020
Министр қолдан жасалған өкпені жасанды желдету құрылғысының қаупі туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі тыныс алу қызметін күшейту үшін өкпені жасанды желдету құрылғыларын қолдан жасап қолданудың қаупі туралы айтты.

«Әлеуметтік желілерде азаматтардың тыныс алуды күшейту үшін өз қолдарымен бір нәрсе жасауға тырысып жатқандары туралы түрлі жарияланымдар пайда болды. Интернеттен қолдан қалай жасау керектігін көріп алып, өз бетімен үйде емделгісі кететіндер де болады. Мұндай жағдайда өте мұқият болу керек, өйткені егер сұйықтық таза болмаса, өкпеде бактериялық инфекцияның пайда болуы мүмкін. Қолдан жасалған құрылғыларға өте мұқият қарау керек. Қашан да асқынуларға алып келу қаупі бар. Өкінішке орай, бізде мұндай жағдайлар тіркелді және тек бізде ғана емес. Сондықтан азаматтарымызға ескерту керек. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген жөн», - деді Алексей Цой ОКҚ брифингінде.

Хабар 24 телеарнасы