420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

  • 354
  • UPD: 14:32, 09.07.2020

Қазақстанға Өзбекстаннан 2 миллион маска мен 2 миллион медициналық қолғап жеткізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. Оның айтуынша, Ресей де елімізге гуманитарлық көмек, нақтырақ айтсақ жеке қорғаныс құралдарын жіберген. Алдағы уақытта бұл мемлекеттен дәрі-дәрмек тиелген тағы бір борт ұшып келуі тиіс. Бұл препараттар жағдайы ауыр және орташа ауыр дәрежедегі науқастарға арналған. Жалпы сала басшысы қазір гуманитарлық көмек бойынша шетелдік серіктестермен жұмыстың жанданғанын айтты. 

Хабар 24 телеарнасы