419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«СК Фармация» қоғамда қызу талқыланған гуманитарлық көмекке қатысты дауға жауап берді

  • 382
  • UPD: 14:41, 09.07.2020

Катардан гуманитарлық көмек ретінде жіберілген медициналық жабдықтар ел өңірлеріне таратылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді облыстық басқармаларға үлестіріледі. «СК Фармация» компаниясы қоғамда қызу талқыланған гуманитарлық көмекке қатысты дауға осылай деп жауап берді. Еске салайық, араб мемлекетінің гуманитарлық көмегі 21 мамыр күні ел аумағына жеткізілді. Медициналық, хирургиялық, санитарлық, пластикалық бетперде мен арнайы қорғаныш костюмдерінің мыңдаған данасы әкелінді. Бірақ емдеу мекемелеріне дер кезінде таратылмады. Бұған рұқсат құжаттарының болмауы себеп деді жауапты компанияда. Бір жарым айдан аса уақыттан кейін жауапты министрлік тиісті бұйрық шығарып, аталған гуманитарлық көмек өңірдегі қоймаларға жеткізген.

Людмила Бюрабекова, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:

–Гуманитарлық көмек құрамында дәрі-дәрмек болған жоқ. Медициналық жабдықтарды елге кіргізу процесі ұзаққа созылды. Енді бірыңғай жеткізуші емдеу ұйымдарына таратады.

Хабар 24 телеарнасы