418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Атырау облысында науқастар саны күрт өсті

  • 135
  • UPD: 16:49, 09.07.2020

Атырау облысында соңғы тәулікте 658 адам коронавирус жұқтырған. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Асланбек Шығыр, тілші:

– Атырауда соңғы тәулікте 658 адамнан ауру белгілері анықталды. Облыс қазір қауіпті дертке шалдыққандар саны бойынша ең алдыңғы орынға шығып кеткен. Ауру жұқтырғандардың көбі міндетті скирингтен өту барысында анықталып отыр. Жалпы науқастардың көбейіп кетуі тұрғындардың қауіпсіздік шараларын қатаң сақтамау салдарынан дейді мамандар. Күні кеше онлайн брифинг өткізген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов той-томалаққа барып, сақтықты елемеу кесірінен жағдай ушыққанын айтқан еді. Оған қоса, қазір өңірде өкпесі қабынып, ауруханаға түскендер де аз емес.

Махамбет Досмұхамбетов, облыс әкімі:

– Пневмониямен ауырғандар саны 1307 адамды құрады. Оның ішінде 707 пациент стационарлық ем қабылдауда. 600 пациент үй жағдайында емделуде.Бүгінгі күні инфекциялық, провизорлық ауроуханалардң реанимациялық бөлімдерінде 115 ИВЛ аппараты бар. Ал рентген аппараттарының саны – 29.

Облыс әкімі өткізген брифинг кезінде мәлім болғанындай, облыста коронавирусқа қатысты 90 мыңға жуық тест қолданылған. Ал науқастарды емдеуге 1429 медицина қызметкері жұмылдырылыпты. Десе де, өткізілуіне тыйым салынған той-томалақ, ас-садақаға жасырын барып, ауру жұқтырғандар көп. Сондықтан мамандар мұндай жиын-тойды доғару керек деп дабыл қағып отыр. Қазір облыста қауіпті дертке шалдыққан барлығы 6814 адам тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы