418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттің үндеуі халық көңіліне медеу болды – Расул Жұмалы

  • 125
  • UPD: 16:57, 09.07.2020

Қазақстанның кез келген азаматы қиындықта жалғыз қалмайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі үндеуінде осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет әрбір азаматқа қамқорлық жасайтынын айтты. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтің жетіспеуіне алаңдап отырған халықтың қам көңіліне Мемлекет басшысының сөзі сенім болды. Саясаттанушы Расул Жұмалы осындай пікір білдірді.

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

– Қанша ұнамсыз болса да, шындықты меніңше қоғамға жеткізу керек. Бұл тұрғыдан Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның үлгісін біздің министрлеріміз, денсаулық сақтау саласының басшылары, облыстағы әкімдер қолданысқа алатын болса, күнәра болмаса да апта сайын осындай елмен байланысқа шығып осындай өздерінің жасап жатқан жұмыстары жайлы халықтың кез келген сұрақтарына жауап беру арқылы сол қажет болып тұрған, талап етіліп отырған шынайы ақпаратты халыққа жеткізіп отыру меніңше өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы