419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да полиция департаментінің көлік паркі жаңа 35 автомобильмен толықты

  • 177
СҚО-да полиция департаментінің көлік паркі жаңа 35 автомобильмен толықты

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің көлік паркі тағы 35 автомобильмен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы су жаңа темір тұлпарлар салтанатты түрде табысталды. Қызметтік машиналар полицейлердің жұмысына қажетті арнайы құрылғылармен жабдықталған. Бұл техникаларды сатып алуға 2018 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық кешенді дамыту бағдарламасы бойынша 212 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Материалдық техникалық база жыл сайын жаңарып келеді. Осының арқасында заңбұзушылықтар да азайған.

Жандос Мұқатов, қалалық ПБ бастығы:

– Қылмысты жасаған азаматтарды жедел түрде жеткізіп, біздің жұмысымызға дәл әсерін береді. Техника жетіспеушілігі сезіледі. Енді жоспарлы түрде 2019, 2020, 2021 жылда осындай техникалар алынады. Сондықтан біз бүгінгі жұмысымызды дұрыс бағытта жасаймыз. Нәтижесі өте жақсы болады деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы