429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кей өңірде тағы бірқатар шектеу шарасы енгізіледі

  • 267
  • UPD: 17:42, 09.07.2020
Кей өңірде тағы бірқатар шектеу шарасы енгізіледі

Коронавирус індеті өршіп тұрған Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласына қосымша шектеу шараларын енгізу қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штаб отырысында айтылды. Жиында ел өңірлеріне парацетамол, азитро-мицин, цефтри-аксон сияқты ең қажет препараттарын жедел жеткізу, қосымша 1600 өкпе желдеткіш аппараты мен 800 санитария көлігін сатып алу жайы қарастырылды. Ералы Тоғжанов бұл мәселелерді тездетіп шешу қажеттігін атап өтті. Медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу жалғасатынын мәлімдеді. Ал эпидемиялық жағдайы күрделі өңір әкімдеріне қосымша шектеу шараларын енгізумен қатар, инфекциялық стационарларды көбейтіп, зертханалардың сынама алу мүмкіндігін арттыру міндеттелді.

 

Хабар 24 телеарнасы