429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада медициналық құралдар мен препараттарды заңсыз сатқан 23 адам ұсталды

  • 302
  • UPD: 17:42, 09.07.2020
Елордада медициналық құралдар мен препараттарды заңсыз сатқан 23 адам ұсталды

Елордада 4 күн ішінде медициналық құралдар мен препараттарды заңсыз сатқан 23 азамат қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық полиция департаменті жариялаған ақпаратқа қарағанда тәркіленген тауарлардың жалпы құны 9 миллион теңгеден асады. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 35 жастағы қала тұрғынынан құны бір жарым миллион теңге болатын медициналық маска мен антисептик тәркіленді. Рейд кезінде масканы заңсыз саудаламақ болған 33 жастағы азамат тұтқындалды. Әр факті бойынша тергеу жүргізіліп, заңға сәйкес құқықтық баға беріледі. Қалалық полиция департаменті медициналық құралдарын заңсыз сату фактісін байқасаңыз, тәртіп сақшыларына хабарласуыңызды сұрайды.

 

Хабар 24 телеарнасы