429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы аспалы көпірде пайда болған жарық – мамандар жауабы

  • 414
  • UPD: 17:43, 09.07.2020
Алматыдағы аспалы көпірде пайда болған жарық – мамандар жауабы

Алматыдағы Саин мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы аспалы көпірде пайда болған жарықты көрген тұрғындар әлеуметтік желіде суретін жариялап, дабыл қақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл көпірді жалғап тұратын діңгектің қозғалып тұруы үшін арнайы қалдырылған. Оны италиялық FIP фирмасы орнатқан. Аталған көпір құрылыс талаптарына сай салынды. Бетонда ешқандай жарылған белгілер байқалмайды», – дейді сарапшылар.

Ернұр Әбжахан, қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары:

– Көпірді қарап шыққан инженер мамандардың айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ, бәрі қалыпты жағдайда. Көзге көрініп тұрған жік қауіпті емес. Көпірдің екі жағында да жалғап тұрған діңгектің арақашықтығы жобаға сай 40 см.

 

 

Хабар 24 телеарнасы