417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында дәрі-дәрмек жеткілікті ме

  • 154
  • UPD: 20:11, 09.07.2020
Қостанай облысында дәрі-дәрмек жеткілікті ме

Дәрі-дәрмек нарығында дүрбелең тудыруға негіз жоқ. Дәріхана, ауруханаларда қажет препараттар жеткілікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұқпалы індетке қарсы шаралар туралы брифинг өткізген Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осылай деді. Әкімдік тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде бірнеше компания, жекелеген дәріханалармен меморандумға отырған. Келісім бойынша компаниялар әлеуметтік маңызы зор медициналық препараттың 42 түрін әр ауданға жеткізіп отыруға міндетті. Облыс басшысы бұл мәселе өзінің жеке бақылауында екенін атап өтті. Қазіргі кезде өңірде 210 өкпені жасанды желдету аппараты бар.  Шілденің соңына дейін тағы 47 аппарат алынады. Сондай-ақ қосымша 250 орындық провизорлық стационар ашылды.

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

– Коронавирус инфекциясын анықтау 5 зертхана базасында жүргізіліп отыр. Жалпы қуаты 2 мыңға жуық тест. Зертханалардың бірін біз 29 миллион тенге сомасына демеушілік қаражат есебінен сатып алдық. Осы зертханалармен барлығы 46 мыңға жуық зерттеу бүгінде облысымызда жүргізілді.

 

Хабар 24 телеарнасы