418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да медициналық колледж түлектері дәрігерлерге қолғабыс етеді

  • 122
  • UPD: 20:13, 09.07.2020
БҚО-да медициналық колледж түлектері дәрігерлерге қолғабыс етеді

Батыс Қазақстан облысында да эпидемиологялық ахуал аса күрделі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі таңда 940 адам ем алып жатыр. 92 адам ауыр халде. Науқастар санының тым көбеюіне байланысты төсек орны 1 мың 125-ке дейін көбейтілді. Жақында емдеу нысандарында тағы 230 орын қосымша жасақталады. Барлық мемлекеттік емдеу мекемесі дәрі-дәрмекпен қамтылған. Дегенмен өңірде кейбір препарат тапшылығы әлі де байқалып отыр. Президент тапсырмасына орай алыпсатарларды анықтау мен дәріханалардағы бағаны бақылау жұмыстары күшейтілді. Аймақта стационарларға қажетті орындар мен жасанды тыныс алдыруға арналған оттегі концентраторлары тапшы. Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі де өзекті. Індетпен күреске мамандардың тек 50 проценті ғана жұмылдырылған. Өйткені дәрігерлердің көбі ауруға шалдыққан немесе мәжбүрлі демалысқа кеткен.

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

– Осы мәселені шешу үшін 2 медициналық колледж түлектерін ауруханаларда жұмыс істеуге жеделдетіп оқыту жұмыстары басталды. 15 күннен соң біздің дәрігерлерге 200 жуық жаңа медициналық қызметкер көмекке келеді. Сонымен қатар, біз басқа қалалардағы жоғары медициналық оқу орындарының түлектерін тартуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, жеке медициналық клиникалардан 9 дәрігер әріптестеріне көмектесуге келісті.

 

Хабар 24 телеарнасы