418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық кәсіпкерлер коронавирусқа қарсы күреске атсалысып жатыр

  • 156
  • UPD: 20:12, 09.07.2020
Оралдық кәсіпкерлер коронавирусқа қарсы күреске атсалысып жатыр

Оралдық кәсіпкерлер облыстағы көпбейінді ауруханаға 3 бірдей тыныс алу қондырғысын тарту етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оттегі концентраторы ауыр жағдайдағы науқастың өмірін сақтап қалу үшін аса қажет. Аурухананың екі корпусы провизорлық стационар болып қайта жасақталды. Ауыр науқастар көп. Сондықтан бұл құралдардың көмегі ұшан-теңіз, дейді дәрігерлер. Өңірдегі емдеу нысандарында 130 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Бірақ дәл осы оттегі концентраторлары тапшы. Бұл мәселе демеушілердің көмегімен шешіле бастады.  Келешекте қаладағы кәсіпорындардың бірінде Бобров аппараттын шығару қолға алынады. Аймақта қатерлі індеттің бетін қайтаруға волонтерлер де тартылмақ.

Қанат Жанғазиев,  кәсіпкер:

– Қандай көмек береміз? Қалай істейміз деп Орал қаласының әкімдігіне хабарласқан едік, олар бізді жеткізіп берушілермен, облыстық аурухананың басшысымен кездестірді. Ақылдаса келе қолдан тыныс алдыру 3 аппаратын алып беріп жатырмыз. Енді осы бастаманы басқа да кәсіпкерлерге жолдаймыз, аяқсыз қалып қоймасын.

Арман Бәйдеуов,  облыстық көпбейінді аурухананың директоры:

– Олар портативті концентраторлар, сондықтан олар науқастардың жанында болса оарға да жеңіл болады. Өйткені сол кислородпен демалтамыз және де дәрі-дәрмекпен де көмектесеміз. Келген адамдардың жағдайы өте ауыр, өйткені олардың көбі үйде ем алып мына аурудан аман боламыз ғой деп өз бетімен ем алып жатыр. Бірақ ол көмектеспеген соң мына жаққа алып келеді. Олардың жағдайы өте ауыр. Кейбір науқасқа көмектсемесіз, кей науқас қайтыс болады.

Хабар 24 телеарнасы