418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте дәрі-дәрмек рецептісіз сатылған

  • 166
  • UPD: 20:29, 09.07.2020

Шымкенттегі дәріханалар халыққа қажет дәрі-дәрмекті рецептісіз сатып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған жайт арнайы мониторингтік топтың тексерісі барысында анықталды. Сондай-ақ кей препараттың бағасын негізсіз көтеріп жіберген. Арнайы жұмысшы топ қаладағы оннан аса дәріхананы аралап көрді. «Тексеру жүргізуге қала тұрғындарының арызы себеп болды. Әлі де дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі байқалады. Мәселе толығымен шешімін таппаған», – дейді «Шымкент– адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары. Дәріханадағы кемшіліктер бойынша провизорларға ескерту жасалды.

Ерсін Илазов, қала тұрғыны:

– Дәрігерлерден кеңес  алдық, мына дәрілерді жазып берді . А.Байтұрсынов көшесінің бойында 6-7 дәріханаға бар екен. Соның барлығына кіріп шықтым. Осы тұрған дәрілердің  ешқайсын таба алмадым.

Жани Қамбар, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы:

– Осы дәрілер бар ма дәріханаларда деп тұрғындар сұрап жатыр. 5 дәріхананың ішінен тек екеуін ғана таптық. Қалған дәрілер мүлдем жоқ. Бір дәріханада 4 адамға чек берілмеді. Негізі бұл да заң бұзушылық. Бұл жағдайларды жазып алдық. Иелеріне шара қолданамыз.

 

Хабар 24 телеарнасы