418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда кеңселер ауруханаларға айналады  

  • 155
  • UPD: 20:43, 09.07.2020

Үндістанда коронавирусты жұқтырғандардың күнделікті өсімі 20 мыңнан азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, расталған дерек саны 800 мыңға жуықтап қалды. Алайда сарапшылар науқастар саны әлдеқайда жоғары болуы мүмкін дейді. Өйткені елде 10 миллион тест қана жүргізілген. Бұл – халқы миллиардтан асатын мемлекет үшін төмен көрсеткіш. Науқастар санының көптігіне байланысты ауруханаларда орын тапшы. Сол себепті Нью-Дели мен Мумбаида уақытша госпитальдер кеңсе орталықтарында құрылып жатыр. «Ковид-19» кесірінен мұнда 200 мыңдай балаға жоспарлы екпе салынбаған. Одан бөлек туберкулезді емдеу деңгейі төмендеген. Ал мамандар Үндістанда вирус шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ дейді.

Нареш Кумар, Нью-Дели тұрғыны:

– Үреймен өмір сүріп жатырмыз. Бұл тек біздің елдегі ғана емес, бүкіл әлемдегі жағдай шығар. Алайда ақша керек. Сол себепті қорықсақ та, жұмысқа барып  жүрміз.

 

Хабар 24 телеарнасы