420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысынан Сенат депутаттығына 8 адам өтініш берген

  • 473
  • UPD: 21:14, 09.07.2020
Алматы облысынан Сенат депутаттығына 8 адам өтініш берген

Алматы облысынан Сенат депутаттарының сайлауына түсуге 8 адам өтініш берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның біреуі облыстық мәслихат атынан, қалғаны өзін-өзі ұсынған. Саяси додаға қатысатындардың  үшеуі облыстық сайлау комиссиясының тіркеуінен өтті. Тиісті 15 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 630 мың теңгеден асатын жарнаны да төлеген. Еліміздің ең жоғарғы заң шығарушы органына барғысы келетіндер саны әлі де артуы мүмкін. Өйткені үміткерлерді ұсыну осы айдың 12-сіне дейін, ал тіркеу жұмыстары 23 шілдеге дейін жалғасады.

Тимур Даутов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– 24 шілдеден бастап үміткерлер сайлау алды үгіт насихат жұмыстарына кіріседі. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу барысында және дауыс беру күні 12 тамызда 319 депутат келеді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.

 

Хабар 24 телеарнасы