417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан әйел ұсталды    

  • 164
  • UPD: 21:34, 09.07.2020
Ақтөбеде дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан әйел ұсталды    

Ақтөбеде заңсыз жолмен дәрі-дәрмек сатып, оңай олжаға кенелмек болған келіншек ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Ресейден әкелген медициналық препараттарды ғаламтор арқылы саудаға шығарып отырған. Ешқандай құжаты жоқ дәрілер туралы хабарландыру құзырлы органдарға да жеткен көрінеді. Жергілікті экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері сатып алушы болып, күдіктімен байланысқа шыққан. Көп кешікпей оны бұлтартпас дәйектермен қолға түсірді. Тәркіленген препараттардың жалпы құны 1 млн теңгеден асады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Артур Хайрутдинов, облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қала тұрғыны тікелей өз пәтерінен заңсыз түрде ешқандай рұқсат қағаздарсыз COVID-19 пандемиясына және пневмония вирустық ауруларға қарсы күреске пайдаланатын дәрі-дәрмектерді сатып отырғаны белгілі болды. Осы факті бойынша қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 214-ші бабы бойынша, яғни «Заңсыз кәсіпкерлік» қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Хабар 24 телеарнасы