418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда электр самокаттарды жалға беретін 35 станция іске қосылды 

  • 163
  • UPD: 22:33, 09.07.2020
Алматыда электр самокаттарды жалға беретін 35 станция іске қосылды 

Алматыда бұдан былай электр самокаттарды жалға алуға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғындарына енді діттеген жерлеріне таза ауамен тыныстап, жылдам жетуге мүмкіндік бар. Жоба бойынша  шаһарда электр самокаттарды жалға беретін 35 станция іске қосылған. Ал онда әзірге 50 самокатты пайдалануға  болады.  Қазір бұл жоба сынақтан өтіп жатыр. Егер де халықтың көңілінен шығып жатса,  шілденің ортасынан бастап  жалдамалы самокаттардың саны 300-ге жеткізіледі, дейді қалалық мобильділік басқарма өкілдері.  Экологиялық таза көлікті жалға алу құны минутына 45 теңге. Төлемді арнайы мобильді қосымша арқылы  жүзеге асыруға болады. Ең бастысы, шотыңызда кемінде 2 мың теңге болуы қажет.

Асылбек Есенов, жоба авторы:

– Бұл самокаттарды тек кәмелет жасына толған азаматтарға  жалға береміз.  Себебі біздің қызметімізді  төлеу  үшін оның банк картасы болуы қажет.  Ал өз тарапымыздан біз самокаттарды міндетті түрде залалсыздандырып, оларды қуаттауды міндетімізге аламыз.  Бұл карантин уақытында  қоғамдық көліктермен жүргеннен гөрі оқшау жүргеннің тиімді шешімі  деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы