418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда кесірлі вирусты емдеуге арналған дәрі шығарылмақ

  • 154
  • UPD: 09:34, 10.07.2020

Қазіргі пандемия жағдайында Қарағандының дәрі өндірісі тағы бір препаратпен толықпақ. Ол COVID-19-дың адам денсаулығына тигізетін ауыр салдарының алдын алуға септігін тигізеді.

Яғни науқастың иммунитетін дәрімен көтергенде шамадан тыс күшейген иммунды жүйе ағзаға кері әсерін тигізіп, тіпті өз клеткаларын зақымдай бастайды.  Бұл реакция ғылымда «цитокинді дауыл» деп аталады. Шығарылып жатқан жаңа дәрі осы қауіпті құбылыстың алдын алып, реттеуге қауқарлы. Себебі олай болмаған жағдайда мамандар кері реакция тыныс алуды ауырлатады деп отыр.  Бұдан бөлек осында онкологиялық, қант диабеті, ұмытшақтық пен артиритті емдеуге арналған әлеуметтік маңызы бар дәрілер шығарылады.

Сергей Барон, фармацевтикалық кешеннің бас директоры:

- Біз жетекші ресейлік биотехнологиялық компаниялармен серіктестік орнаттық. Олар қазір Ресей нарығына ерекше препаратты әзірлеп, шығарды және тиімділігін байқатты. Дәрі сырқаты орташа дәрежедегі адамдарға арналған. Біз ішкі сұранысты толығымен қамтимыз деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы