418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы Красная горка ауылына құбыр тартылғанымен суы жоқ

  • 114
  • UPD: 09:39, 10.07.2020
Петропавлдағы Красная горка ауылына құбыр тартылғанымен суы жоқ

Су жүйесі бар, бірақ суы жоқ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Красная горка ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері жаңа құбырдың қызығын көре алмай келеді.

2015 жылы мұнда су сорғы станциясы салынып, халыққа бір апта ғана уақыт тіршілік нәрі берілген. Сол кезде кейбір тұрғындар жеке қаржысын жұмсап, орталықтандырылған суға қосылған екен. Алайда бес жылдан астам уақыт өтсе де, мәселе әлі күнге шешімін таппай келеді. 

Федор Охотин, Красная Горка ауылының тұрғыны:

- Ауылдың жартысы қиналып отыр. Су барларында қысым төмен. Бұл мәселені көтеріп жатқанымызға біршама уақыт болды. Бірақ, еш нәтиже болмай тұр.  

Елдар Закирин, Қызылжар ауданы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Су станциясы біздің баланста тұр. Қазір бұл мәселені шешу үшін тиісті құжаттар әзірленіп жатыр. Жоба құны есептелетін болады. Содан кейін комиссия қаржыны қалай бөледі, шаруаларды бірден бастайтын  боламыз. 

Елді мекен тұрғындарын титықтатқан түйткіл туралы кешкі жаңалықтарымызда әріптесіміз Самат Қайырденұлы толықтырып айтып беретін болады.

Хабар 24 телеарнасы