429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралға жарты айдан кейін 200 дәрігер көмекке барады

  • 434
  • UPD: 10:36, 10.07.2020

Батыс Қазақстан облысында эпидемиологялық ахуал аса күрделі. Бүгінгі таңда аймақта 940 адам емделіп жатыр, 92 науқас ауыр халде. Сәуір айында  аймақтағы провизорлық стационарларда небәрі 380 орын болса, қазір оның саны 3 есе өсіп, 1125-ке жеткен. Облыстағы мемлекеттік емдеу нысандарында дәрі-дәрмек жеткілікті ме?

Талғат Серікқалиұлы, тілші: 

- Өкінішке орай, сіз келтірген мәліметтер рас. Қазір өңір билігі Президент тапсырмасына орай алыпсатарларды анықтау мен дәріханалардағы бағаны бақылау жұмыстарын күшейтті. Аймақта стационарларға қажетті орындар мен жасанды тыныс алдыруға арналған оттекті концентраторлар тапшы. Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі де өте өзекті күйде. Індетпен күреске ақ желеңділердің тек 50 проценті ғана жұмылдырылған. Өйткені дәрігерлердің көбі ауруға шалдыққан немесе мәжбүрлі демалыстарға кетіпті. Ал өңір басшылары сіз атап өткен дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты мәселе алдағы апталарда толық шешімін табады деп сендіріп отыр.

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

– Дәрі-дәрмектің облысымызға келетін көлемі 5 есе көбейді. Вируске қатысты және қызуды бастаны дәрі-дәрмектер бойынша. Оның себебі сұраныс болып отыр, екіншісі аурулар саны көбеюде. Қазір кейбір дәрі-дәрмектер бойынша дефицит бар. Ол тек біздің облыс емес барлық елде осындай дефицит. Барлық аптекалар өз заявкаларын біздің көтерме сатушыларға уақытында жіберіп тұрса біз осы заявакаларды орталыққа жіберіп, мәселені шешеміз. Кеше президент айтты, келесі аптадан бастап дәрі-дәрмекпен қамту қолға алынады. Мен өзім тексеріп шықтым мына сатушылардың қоймаларын. Былай 80 процент дәрі-дәрмекпен қамтылуға мүмкіндік  бар деп отыр. 

Талғат Серікқалиұлы, тілші:   

- Тағы бір өзекті мәселе – бұл өңірде медицина мамандары тапшы. Тек дәрігер ғана емес, кіші қызметкерлер де жетіспейді. Мысалы,  жуырда облыстық денсаулық сақтау басқармасы санитарлардың жалақысы 64 мыңнан 900 мыңға баратынын айтып жұмысқа шақырған болатын. Ал дәрігер тапшылығын азайту үшін аймақтағы 2 медициналық колледж түлектерін ауруханаларда жұмыс істеуге жеделдетіп оқыту жұмыстары басталды. Екі аптадан кейін біздің дәрігерлерге 200 жуық жаңа медициналық қызметкер көмекке келеді екен. Сонымен қатар басқа қалалардағы жоғары медициналық оқу орындарының түлектері де тартылмақшы.

Хабар 24 телеарнасы